Колледж тарихы

Қазтұтынуодағы Шымкент көпсалалы колледжінің тарихы 1958 жылдан басталған. Колледж алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі  – бұрынғы кооперативтік техникум.

Колледждің миссиясы: «Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, ұлттың зияткерлік әлеуетін дамытуды қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті, кәсіби деңгейі жоғары білікті мамандарды дайындау».

Колледждің жетістіктері жоғары білікті ғылыми-педагогикалық ұжыммен тікелей анықталады. Колледждің оқытушылар құрамы: 1 «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», 1 экономика ғылымдарының кандидаты, 3 магистр және жоғарғы, 1-ші санаттағы оқытушылармен құрылған. 

Колледж ғимараты 3 қабатты, жалпы көлемі 4860 м2 құрайды, оның ішінде 4105 моқу-зертханалық болса, 575 м2 оқу-тәрбиелік орын бар.

– аумағы 150 м2 құрайтын 40 орындық кітапхана мен оқу залы;

– спорт залы (аумағы 128 м2), қажетті спорттық құралдармен қамтамасыз етілген;

– Колледждің 140 орындық мәжіліс залы, көктем-күз айларында спорттық сабақтарды өткізуге арналған спорт алаңы (1320 м2) бар.

Колледжде Колледжде 50 орындық асхана, медициналық қызмет ұйымдастырылған, алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған барлық құралдар медициналық бекетте бар. Барлық оқу кабинеттері мен зертханалар оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес рәсімделген.2020 жылы наурыз айында колледж білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі аккредиттеуден өтті және институционалдық аккредиттеу туралы куәлігі бар